Аққалақ () – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Аққалақты кейде ақ қия немесе ақ құлақ деп те атайды. Дене ұзындығы 11 ден 26 см дейін, құйрығы 1,3—4 см, салмағы 43-250 г келеді. Денесі жіңішке, икемді. Жазда түсі күңгірт—жирен, (денесінің астыңғы жағы ақ), қыста, ақ. Солтүстік Америкамен Еуразияда таралған; ТМД—да барлық аймақтарда кездеседі. Әртүрлі табиғи жағдайларда тіршілік етеді. Қазақстанның орман-тоғайларында, өзен-көл жағаларында, сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл-шөлейтті жерлерінде кездеседі. Жыртқыш, ұсақ кемірушілермен қоректенеді. 3—10—ға дейін, негізінде 4—7 күшігі болады. Кәсіпшілік маңызы шамалы. Аққалақ - пайдалы аң. Оның әрбіреуі жылына ауыл және орман шаруашылықтарына орасан зор зиян келтіретін 2,5-3 мыңдай ұсақ кеміргіштерді құртады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Күзендер