Ақшоқы - Қарағанды облысы Шет ауданындағы Ақшоқы ауылдық округінің бұрынғы орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсу-Аюлының шығысында - 100 км, Қарағанды қаласының оңтүстік-шығысында 160 км жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі ұжымдастыру кезеңінде 1928 жылы қаланған. Округ аумағында 20 ғасырдың 30-жылдарында Беталыс, Құрама, Р. Люксембург, Кең өлке, Қаражал, Сарыөзек ұжымшарлары ұйымдастырылған. 1940-1960 жылдары Балқаш өндірістік кұрылысының қосалқы шаруашылығы болған. 1960-1990 жылдары - «Ақшоқы» кеңшарының және ауылдық кеңестің орталығы. Жерінің жалпы ауданы — 140 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары - қазақтың ақбас сиырының тұқымын өсіру, қосымша саласы - егін шаруашылығы болды. Кеңшар негізінде 52 шаруа қожалығы құрылған (2006).

Халқы Тұрғыны: 0,8 мың адам (2005);

Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Ақшоқы, Ақбауыр ауылдары) 2 мектеп, ФАП, клуб, кітапхана бар. Ауыл басқа елді мекеңдермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Қарамұрын темір жол стансасы 160 км жерде.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданының таратылған елді мекендері