Ләззат Боранбайқызы Аруова (1969 жылы туған) – техника ғылымдарының докторы (2007).
Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын құрылыс материалдары және конструкцияларын өндіру мамандығы бойынша және Мәскеу қаласындағы Технология, бетон және темір-бетон ғылым-зерттеу институтының аспирантурасын (1997) бітірген. Қазақ политехникалық институтының Маңғыстау бөлімшесінде, Ақтау политехникалық институтында оқытушы болды.
«Теоретические и практические аспекты комбинированной гелиотермообработкой в светопрозрачных камерах» деген тақырыпта докторы диссертация қорғаған. Аруованың 35-тен астам ғылым еңбегі («Комбинированная гелиотермообработка бетона», А., 2004; т.б.) мен мақалалары жарияланған.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1969 жылы туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары