Петр Кузьмич Антоненко - (1921-1985), суретші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқан. Қарағанды облыстық Суретшілер одағын ұйымдастырушылардың бірі. «Магнитканың қызы», «Шахтер Малышко», «Жанна», т. б. туындыларында еңбек майданындағы жас толқынның күш-жігерін, мінез-құлқын уақыт тынысымен байланысты бейнелеген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар