Штейн — темір, никель, мыс, кобальт сульфидтерінен тұратын түсті металлургияның аралық өнімі.
Штейнді конвертерлеу Штейнді мыс алу үшін қайта өңдеу процесін конвертерлеу деп атайды. Конвертерде штейн балқымасы қабаты арқылы сығылған ауа үрленеді; бұл орайда күкірт пен темір тотығып, күкірт күкіртті газ түрінде, темір конвертерлік қож түрінде кетіріледі. Алынатын өнім қаралтым мыс деп аталады. Штейнді конвертерлеу никель мен қорғасын өндіруде де қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсінідірме сөздігі. Кен ісі және металлургия. — Алматы, «Мектеп», 2003.
Дереккөздер
Санат:Металлургия