thumb|H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар. Электролиттік диссоциация теориясы — қосылыстар ионды және ковалентті байланысты болатыны сендерге белгілі. Ал ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді: полюсті және полюссіз. Заттардың кристалдық торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне төуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
Ионды және ковалентті байланысты қосылыстардың ерекшеліктері олардың судағы ерітінділерінің қасиеттерінде де байқалады. Осы ерекшеліктерді бақылау үшін электрөткізгіштікті зерттейтін құралды пайдалануға болады.Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7
Ыдысқа құрғақ қант пен ас тұзын кезекпен салып, оны электр желісіне қоссақ, электр шамы жанбайды, олай болса қатты күйіндегі заттарда ток тасымалдаушы бөлшектердің болмағаны. Құрғақ қант пен ас тұзының орнына дистилденген су құйсақ та электр шамының жанбайтынын көреміз. Келесі жолы қант пен ас тұзына су құйып, олардың ерітіндісін аламыз. Жүйені электр желісіне қосқанда ас тұзының ерітіндісі құйылған жағдайда электр шамының жанғандығы, ал қант ерітіндісі құйылғанда, шамның жанбағандығы байқалады. Осы екі қосылыстың айырмышылығы: олардағы химиялық байланыстардың табиғатында. Қант молекуласында атомдар арасындағы байланыстар полюссіз, ал ас тұзындағы байланыс — ионды. Әрі қарай зертханада бар сілті, бейорганикалық қышқыл ерітінділерімен осы тәжірибені қайталағанда электр шамының жарқырап жануын, ал органикалық сірке қышқылының ерітіндісінде шамның нашар жануын байқаймыз.
Олай болса, шамның жануы заттардың ерітінділерінде токты тасымалдаушы бөлшектердің - иондардың - болуына байланысты.
Заттарды суда еріткенде немесе балқытканда иондарға ыдырауын диссоциация дейміз. Диссоциацияланатын заттар электролиттер, ал диссоциацияға ұшырамайтын заттар — бейэлектролиттпер (қант, глюкоза, спирт жөне кейбір жай газдардың (H2,O2, N2) судағы ерітінділері жатады). Зат Электр шамының жануы Қорытынды Құрғақ қант - бейэлектролит Құрғақ ас тұзы - бейэлектролит Дистилденген су - бейэлектролит NaCl ерітіндісі + электролит Қант ерітіндісі - бейэлектролит Сірке кышқылының ерітіндісі әлсіз электролит NaOH ерітіндісі + электролит H2S04 ерітіндісі + электролит Кальций карбонаты - электролит Натрий оксиді - бейэлектролит
200px|right|thumb|Сванте Аррениус Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған (Нобель сыйлығының лауреаты, 1903 жылы) Ол еруді тек физикалық құбылыс деп қарастырды, диссоциациялану нәтижесінде бөлінген иондар еріткіш молекулаларына біртіндеп таралады деп санап, еріткіштің әсерін ескермеді. Осындай көзқарасты қалыптастырып дамытқан әрі С. Аррениус теориясын толықтырған ғалымдар: И. А. Каблуков, В.А. Кистяковский, Д.И. Менделеев. Ал қазіргі кезде диссоциациялануды күрделі физика-химиялық үдеріс деп қарастырады.
Аррениус теориясының негізгі қағидалары: Тұздар, қышқылдар, негіздер ерігенде және балқығанда иондарға ыдырайды. Ерітінділер мен балқымалардың ток өткізгіштігі осы иондардың концентрациясына тәуелді болады. Олардың оң зарядталғаны катодқа тартылатындықтан катиондар деп, ал анодқа тартылатындары аниондар деп аталады. Ағылшын физигі М. Фарадей XIX ғасырдың 30-шы жылдары «электролит, ион, катион, анион» терминдерін енгізді. Ионды және ковалентті полюсті байланысты молекулалар суда ерігенде иондарға толығымен ыдырайды: NaCl<-> Na+ + Cl-; HCl <-> Н+ + CI-; H2S04 <-> 2Н+ + S042-
Иондардың формулаларында зарядтың таңбасы (+, - ) оның сан мәнінен кейін жазылады.
Ac тұзы ерітіндісіндегі иондардың гидраттану механизмін қрастырайық. Зат суда еріген кезде оның молекуласы иондарға ажырап қана қоймайды, осы иондар су молекулаларымен әрекеттесіп гидраттар түзеді. Полюсті су молекуласын былай белгілейміз (+ -), ол диполь (диполь - екі полюс) деп аталады: H+->0←H+
Диссоциация нәтижесінде пайда болған иондар қасиеттері молекуланы құраушы атомдар мен молекулалардың қасиеттерінен өзгеше болады. Оның себебі олардың электрондық құрылысында. Осы айтылғанды ас тұзы молекуласы мысалында қарастырайық.
Na элементі мен ионын салыстырайық:
2311Na 1s22s22p63s1 Na+ ls22s22p63s0 Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші. Оң зарядты ионның (катионның) радиусы атомның радиусынан кіші. Күмістей жылтыр ақ металл. Ион — түссіз. Сумен шабытты өрекеттеседі:2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑ Суға әсер етпейді, тек гидраттанады. Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықсыздандырғыш:Na°-ē->Na+ Ион — тотықтырғыш: Na+ + е->Na0
Сl элементі мен ионын салыстырайық:
3517Сl 1s22s22p63s23p5 Сl-1s22s22p63s23p6 Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен. Теріс зарядты ионның радиусы атомның радиусынан үлкен. Хлор молекуласы жай зат күйінде екі атомнан тұрады С12, ол өткір иісті, тыныс жолдарын түршіктіретін жасыл-сары улы газ. Ион - түссіз. Суда аздап еріп, әрекеттеседі:Сl2 + Н20 = НСl + HCl Суға әсер етпейді, тек гидраттанады. Тотығу-тотықсыздану реакциясында күшті тотықтырғыш: Сl2 + 2ē->2С1- Ион - тотықсыздандырғыш. 2С1--2e->Сl2
Na+ иондарына судың диполь молекуласы теріс полюсімен, ал С1- иондарына оң полюсімен бағытталады.
Ac тұзындағы хлор ион күйінде тамаққа пайдаланылады да, ал хлор молекуласы Сl2 - улы газ. Гидраттанған иондардың кейде түсі де өзгереді. Мысалы, сусыз CuSO4 — түссіз, гидраттанғаны CuS04 • 5Н20 - көгілдір түсті.
Электролиттік диссоциация теориясының қазіргі заманғы қағидалары:
Заттар суда ерігенде оң жөне теріс иондарға ыдырайды. Диссоциацияның себебі — заттардың гидратациялануы. Электр шамы жанады. Электр тоғының әсерінен иондар катод пен анодқа бағытталады. Диссоциация қайтымды үдеріс: диссоциация (ыдырау) <-> ассоциация (бірігу) Электролиттер әр түрлі шамада диссоциацияланады (α). Электролит ерітінділерінің химиялық касиеттері ондағы иондардың табиғатымен анықталады. Элемент атомы мен оның ионының қасиеттері әр түрлі болады.
Иондар ерітінділерде гидратталған күйде болғанымен, заттардың диссоциациялану теңдеуін жазған кезде гидраттық қоршауын еске алмай, жалаң иондар күйінде жазылады. Бұл — жазу үдерісін оңайлату үшін жасалған шара. Электролит ерітінділерінде электр тогын тасымалдаушы иондар болады. Ондай электролиттерді екінші ретті өткізгіштер деп атайды.Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0
Қышқылдардың, сілтілердің, тұздардың диссоциациялануы Қышқылдар Кейбір бейорганикалық қышқылдар: фосфор (Н3РO4), кремний (H2SiO3), бор (Н3ВO3) және көптеген органикалық қышқылдар қатты заттар болып келеді. Күкіртті сутек (H2S) және галогенді сутек (НГ) қышқылдары - газдар. Қышқылдарды суда еріткенде түссіз ерітінділер түзеді, олар иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).
Қышқылдардың диссоциациясы: HCl->H+ +Cl- HNO3->H+ +NO3-
Көп негізді қышқылдар сатылап диссоциацияланады.
Қышқылдан қанша ион сутек ерітіндіге бөлінсе, қышқыл қалдығының заряды сонша (теріс) зарядты болады. H2SO4->H+ +HSO4- HSO4-->H+ +SO42-
H2SO4->2H+ +SO4^2-
Бұл жолы барлық жағдайда Н+ (протон) бөлінгенін көреміз.
Диссоциациялану теңдеуінің екі жағындағы иондар зарядтарының шамалары өзара тең болуы керек. HSO4-->H+ +SO4^2-
Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге сутек катиондарын бөлетін күрделі заттар.
Негіздер Барлық негіздердің агрегатгық күйлері қатты болады (аммиактың судағы ерітіндісі — NH4OH сұйықтық). Сілтілік металдар және сілтілік-жер металдары ішінде барий гидроксиді суда жақсы ериді (сілтілер), иондарға жақсы ыдырайды.
Негіздердің диссоциациясы: NaOH <-> Na+ + OH- Ca(OH)2<->Ca^2+ +2OH- Осы теңдеулерде көріп отырғанымыздай негіздердің барлығы гидроксид ионын бөле диссоциацияланады.
Көп негізді қышқылдар сияқты кеп қышқылды негіздер де сатылы диссоциацияланады. Ba(OH)2<-> Ba^2+ +OH- (BaOH)+<->Ba^2+ +OH- Негізден анша гидроксид-ион ерітіндіге бөлінсе, негіз қалдығы сонша (оң зарядты) болады.
Электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздерге мынадай анықтама беруге болады.
Негіздер дегеніміз диссоциациялану нәтижесінде ерітіндіге гидроксид аниондарын бөлетін электролиттер.
Қышқылдар мен негіздердің бұдан басқа да көптеген теориялары бар, солардың бірін ҚазҰУ-нің профессоры М. И. Усанович ұсынған.
Тұздар Тұздар - ерігіштіктері әр түрлі болатын катты заттар. Оларды кышқылдар мен негіздердің әрекеттесу нәтижесінің өнімі ретінде қарастыруға болады.
Орта тұздар Қышқыл кұрамындағы сутек атомдары металл атомдарына жөне негіз құрамындағы гидроксид-иондар қышқыл қалдықтарына толық алмасқанда түзіледі (MgS04, ВаСl2, Ca(NO3)2).
Тұздардың диссоциациясы: Орта тұздар металл катиондары мен қышқыл қалдықтарының аниондарына айырылады: MgSO4 -> Mg^2+ + SO4^2- BaCl2 -> Ba^2+ + Cl2- Ca(NO3)2 -> Ca^2+ + 2NO3-
Электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан тұздар дегеніміз диссоциациялануы нәтижесінде ерітіндіге металл катиондары мен қышқыл қалдығының аниондарын бөлетін күрделі электролиттер.
Қышқыл тұздар Қышқыл құрамындағы сутек атомдары металл атомдарына толық алмаспағанда түзіледі (Na2HP04, NaHS04, Са(НС03)2).
Қышқыл тұздар сатылап диссоциацияланады: Na2HPO4<-> 2Na+ + HPO4- HPO4^2- <-> H+ + PO4^3-
Na2HPO4 <->2Na+ +H+ + PO4^3-
Қышқыл тұздар диссоциациясы нәтижесінде металл және сутек катиондары мен қышқыл калдықтарының аниондары түзіледі.
Негіздік тұздар Негіздердің құрамындағы гидроксид-иондары қышқыл қалдық иондарына толық алмаспағандағы өнім.
Негіздік тұздар суда нашар ериді, алайда, олар да аз мөлшерде болса да суда ерігенде иондарға ыдырайды (негізінен бірінші сатысы): Mg(OH)Cl<-> [Mg(OH)+] + Cl- Mg(OH)<-> Mg^2+ + OH-
Негіздік тұздар диссоциациясы нәтижесінде негіз калдығының катионы мен қышқыл қалдығының аниондары түзіледі.
Электролиттік диссоциацияны сапалық жағынан сипаттау
Электролиттер Сапалық сипаттау Н+ OH- Катион Анион Қышқылдар +
Негіздер + Тұздар + +
Қышкылдық жөне негіздік тұздардың диссоциациялануының теңдеулерінен көріп отырғанымыздай, олардың диссоциациялануы анықтамаға сәйкес келмейді.
Қышкыл тұздардан металл катондарымен катар аз да болса сутек катионы, ал негіздік тұздардан қышқыл қалдық аниондарымен қатар гидроксид - иондары да (екінші сатысында) түзіледі.
Олай болса, тұздар деп негіздер мен қышқылдар қалдықтарынан тұратын күрделі заттарды айтамыз.
Кейбір органикалық заттар қышқылдар мен негіздердің ерітінділерінде түстерін өзгертеді, оларды индикаторлар деп атайды.
Электролиттер ерітінділеріне индикаторлардың әсері
Индикаторлар Әр түрлі ерітінділердегі индикаторлардың түсі бейтарап қышқыл сілті Лакмус күлгін қызыл көк Метилоранж қызыл сары қызғылт сары Фенолфталейн түссіз түссіз таңқурай түсті
Диссодиациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.
Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады. α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген молекулалар саны
Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді: α > 30% - күшті; 3% < α < 30% - орташа күшті; α < 3% - әлсіз.
Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.
Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.
Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02, т. б.
Диссоциациялану дәрежесіне заттың және еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы, температура әсер етеді. c_1 = c \cdot \alpha \cdot n Мұндағы: c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы; с - заттың молярлы концентрациясы; α - диссоциациялану дөрежесі; n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.