Реттеу - механизм бөліктерінің дұрыс орналасуы немесе талап етілген параметрлер орнатылуы. Қақпақшаларды реттеу - іштен жанатын қозғауыштағы қакпақша өзегімен оның арасындағы саңылау мөлшерін орнату. Доңғалақтарды реттеу - жантаю және жиналу талабы бойынша басқарылатын автомобиль доңғалақтарын бекіту және орын ауыстыру. Отырғышты реттеу - ыңғайлы жағдайға жету үшін көліктегі әр-түрлі жазықтарда отырган арқалығын және жастықтың жағдайын орын ауыстыру және бекіту. Фараларды реттеу - қозғалыс кезінде жарықтың қалыпты таралуын алу үшін жатық және тік жазықтарында фараларды орнату.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Көлік бөлшектері