Фредди Меркьюри (; 5 қыркүйек 1946 — 24 қараша 1991) — британ Queen саз тобының әншісі. "Bohemian Rhapsody", "Killer Queen", "Somebody to Love", "We Are the Champions" және "Crazy Little Thing Called Love" әндерінің авторы. Топтағы өнерімен қатар, өзіндік шығармашылығымен айналысқан. Шын аты — Фаррух Бұлсара (). Фредди Меркьюри 1991 жылы 24 қарашада өз ауруын жариялаған күннен кейін бір күн салып ЖИТС-тің кесірінен пайда болған бронхопневмония ауруынан қайтыс болды.

Топ сыншылардың арасында үлкен атаққа ие болмаса да, жалпы сатылған таспаларының саны 300 миллион данадан асып түседі. 2006 жылы Time Asia журналы Меркьюриді Азияның соңғы 60 жыл ішіндегі ең танымал адамдарының қатарына жатқызды. Бір жағынан ол өзінің ұлтын жасырып жүргені үшін сыналса, екіншіден өзінің АИВ ауруын құпияда сақтағаны үшін сыналды.

Өмірбаяны Фредди Меркьюри 1946 жылы Занзибарда дүниеге келген, Занзибар ол кезде Британ отары болатын, қазір Танзанияға кіреді. Фреддидің ата-анасы Боми және Джер Булсара Британдық Үндістанның парсылары болатын. Боми жанұясын жұмысына байланысты Занзибарға көшірген. Фреддидің Кашмира есімді бір қарындасы бар.

Дереккөздер

Санат:Занзибарда туғандар Санат:Кенсингтонда қайтыс болғандар Санат:Кенсал-Грин зиратында жерленгендер Санат:Ұлыбритания әншілері Санат:XX ғасыр әншілері Санат:Ұлыбритания сазгерлері Санат:XX ғасыр сазгерлері Санат:Ұлыбритания продюсерлері Санат:Ұлыбритания ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:Тенорлар Санат:Queen музыканттары Санат:Лақап есімімен танымал әртістер Санат:Зороастризм Санат:Ivor Novello Awards сыйлығының иегерлері Санат:BRIT Awards сыйлығының иегерлері Санат:Ұлыбритания орындаушы авторлары Санат:ЖИТС-пен байланысты аурудан қайтыс болғандар Санат:Пневмонияда қайтыс болғандар Санат:Parlophone Records орындаушылары Санат:EMI Records орындаушылары Санат:Ұлыбритания рок-вокалшылары Санат:Ұлыбритания рок-клавишниктері Санат:ЛГБТ музыкада Санат:Queen