Виктор Анатольевич Долженков - 1948 жылы 19 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Хронологиясы В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын (1979) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; Алматы Жоғары партия мектебін (1990) саясаттанушы, әлеуметтік-саяси пәндердің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Халықаралық ақпараттандыру академиясының, И.И. Юзвишин атындағы Орталық Азия Ақпараттандыру академиясының академигі. 1967 жылдан - «Алматы құрылыс» тресінің №11 ҚҚБ шебері. 1970 жылдан - «Алматы тұрғын үйқұрылыс» тресінің №7 ҚҚБ шебері, жұмыс өндірушісі, аға жұмыс өндірушісі. 1980 жылдан - «Алматы тұрғын үй құрылыс» тресі 11-ҚМБ- да бас инженер. 1982 жылдан - Қазақстан Коммунистік партиясы Алматы қалалық комитетінің құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы. 1984 жылдан - Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің құрылыс және қалалық шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы. 1986 жылдан - Халық депутаттары Алматы қаласы Фрунзе аудандық Кеңесінің атқару комитетінің төрағасы. 1987 жылдан - Коммунистік партияның Алматы қаласы Октябрь аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1989 жылдан - Қазақстан Коммунистік партиясы Алматы облыстық комитетінің инспекторы, хатшысы, екінші хатшысы. 1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1995 жылдан - Апматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2008 жылдан бері - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Жетістіктері «Құрмет» (2003) орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен (1979) марапатталған.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:19 қыркүйекте туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академиктері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері