Иірбала — Семейтау тауының батысындағы қыстау. Абай облысы Семей қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Знаменка ауылының оңтүстік-батысында 19 км жерде орналасқан. Шаған және Мырзабек өзендерінің аңғарында жатыр. Батысында Тұзащытөбе тауымен шектеседі. Маңында бірнеше ұсақ көлдер бар. Қыстау, мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Қыстаулар