thumb|right|Ескендіров, 2013 жыл

Самат Сапарбекұлы Ескендіров - 1966 жылы 24 шілдеде Көкшетау облысы Көкшетау ауданының Симферополь ауылында туған. Қазақ. Қазақ және орыс тілдерін біледі. Хронологиясы Целиноград ауылшаруашылық институтын (1990) инженер-механик мамандығы бойынша; Көкшетау экономика және менеджмент институтының магистратурасын (2005) бітірген. 1983 жылдан - Көкшетау облысының Келлер ауданы Подлесное аулының Димитров атындағы ұжымшарының мүшесі. 1983 жылдың тамызынан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті. 1990 жылдан - Димитров атындағы ұжымшардың егіншілік бригадасының механигі, пайдалану жөніндегі инженері, ұжымшардың бас инженері. 1994 жылдан -«Есіл»ЖШСбасдиректоры (Ақмола облысы Щучинск қаласы). 2004 жылдың тамызынан - СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары департаменті бастығының орынбасары. 2004 жылдың қазанынан - СҚО Жамбыл ауданының әкімі. 2007 жылдың сәуірінен - СҚО Қызылжар ауданының әкімі. 2007 жылдың қазанынан - СҚО әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары. 2008 жылдан - СҚО әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика мәселелері жөніндегі орынбасары. 2010 жылдың сәуірінен бері - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2011 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2013—2014 жж. — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Жетістіктері «Құрмет» (2007) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Үйленген. Жұбайы - Ескендірова Гуля Маратқызы (1968 жылы туған). Үлдары - Ескендіров Қанат (1990 жылы туған), Ескендіров Алмат (1995 жылы туған); қызы - Ескендірова Салтанат (2001 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Солтүстік Қазақстан облысының әкімдері