Қумола – Қалмаққырылған алабындағы өзен. Ұзындығы 112 км.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жеріндегі өзен.
Бастауы Қумола ауылынан солтүстікке 6 км жердегі Ақжал тауының беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіледі, Қалмаққырылған өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жағасы тік жарлы, ирелең, аңғары кең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген карасуларға бөлініп қалады. Ірі салалары: Сарыбұлақ, Қойгелді, Кішкенесай, Ащылысай. Өзен алабында жайылымдық жерлер, мал қыстаулары бар. Өзен суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері