Қазбек Қайырбекұлы Төлеубаев - 1955 жылы 10 қаңтарда Қостанай облысы Қарасу ауданының Қарасу кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Төлеубаев Қайырбек, марқұм, партия органдарында қызмет еткен. Анасы - Төлеубаева Сырымкүл, марқұм. Целиноград ауылшаруашылық институтының экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру факультетін бітірген (1978), ауылшаруашылық өндірісіндегі экономист-ұйымдастырушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1978 жылдан - Қостанай облысы Наурзым аудандық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі аға экономисі. 1984 жылдан - Қостанай облысы Наурзым ауданының Мемлекеттік сақтандыру мекемесінің бастығы. 1993 жылдан - «Наурзым-Тюмень» БК директоры (Қостанай облысы). 2001-2003 жылдары - «Қостанай орманы» МҚК директоры. 2004 жылдан - «Қостанай облысы Орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы» МБ бастығы. 2005 жылдан бері - Қостанай облысы әкімдігінің Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы. «Ерен еңбегі үшін» (2007), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлдену». Хоббиі - аңшылық, балық аулау.

Үйленген. Жұбайы - Төлеубаева Ермек Қапысқызы (1954 жылы туған), сақтандыру компаниясының менеджері. Ұлдары - Төлеубаев Ерлан Қазбекұлы (1979 жылы туған), Төлеубаев Ержан Қазбекұлы (1981 жылы туған), Төлеубаев Еркін Қазбекұлы (1983 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар