Алексей Владимирович Цой (; 2 сәуір 1977 жыл, Шымкент) — қазақстандық хирург-эндоскопист және саясаткер, 2020—2021 жылдары Денсаулық сақтау министрі. 2025 жылдан бастап президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі.

Білімі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (2001), «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институты (2007), Халықаралық бизнес академиясы (2015). SELS колледжін (Лондон) бітірген. Алматы Менеджмент Университеті (2015), Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесін алды, MBA AMBA бағдарламасының халықаралық аккредитациясын алды (Ұлыбритания).

Өмірбаяны 2001 жылдан 2007 жылға дейін — ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық медициналық орталық» РМК дәрігер хирург-эндоскописті.

2002 жылдан 2004 жылға дейін — «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясының Астана қаласының аумағында даму жөніндегі менеджері.

2006—2009 жылдары — «Еуразиялық респираторлық қоғам» ҚБ бас хатшысы.

2007 жылдың қыркүйек айынан — қалпына келтіру хирургиясы мен трансплантология Орталығының аға ғылыми қызметкері, Ішкі медицина Орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ҚР Президентінің іс Басқармасының «Заманауи медициналық технологияларды өндіру Орталығы» РМК басшысы.

2010 жылдың сәуір айынан бері — «ҚР Президентінің іс Басқармасы медициналық орталығы» MM басшысы.

2011—2014 жылдары Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық ауруханасы» КМҚК ММ бас дәрігері болды.

2014—2017 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, 2017—2019 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі болды.

2019—2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының басшысы.

2020 жылы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы, 2020—2021 жылдары — Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі.

2022 жылғы 31 қазаннан бастап Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы болды.

2025 жылғы 14 қазанда президент Тоқаевтың өкімімен президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Ғылыми еңбектері Медицина ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Фетальді гепатоциттердің трансплантациясының тиімділігіндегі ұзақ криоконсервацияның рөлі». 20 астам мақалалардың авторы.

Қоғамдық жұмыстары «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). «Еуроазиаттық респираторлы қоғам» ҚҰ Бас хатшысы (2006—2009).

Отбасы Әкесі — Цой Владимир Апексеевич, зейнеткер, мемлекеттік қызметкер болған. Анасы — Цой Алла Николаевна, Астана қаласында ІІД емханасының басшысы. Үйленген. Жұбайы — Цой Жанна Валентиновна (1979 жыл туған), «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма басшысының орынбасары. 3 ұлы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Марапаттары

Құрмет ордені Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін медалі

Дереккөздер

Санат:Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы түлектері Санат:Дәнекер халықаралық құқық және халықаралық бизнес институты түлектері Санат:Қазақстан трансплантологтары Санат:Қазақстан корейлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан денсаулық сақтау министрлері Санат:Ресей ұлттық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясы түлектері