Есләм Болатұлы Уахитов (4.06.1961 жыл, Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Қаратал ауылы) - қоғам қайраткері. Қазақ.
Еңбек жолы Целиноград ауыл шаруашылығы институты Көкшетау бөлімшесінің агрономия факультетін бітірген (1987), ғалым-агроном. 1978 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының «Оңтүстік» кеңшарының «Зере» комсомол жастар бригадасының жұмыскері. 1979-1981 жылдары - Кеңес Әскері қатарында қызметте. 1982 жылдан - Целиноград ауыл шаруашылық институты Көкшетау бөлімшесінің студенті. 1987 жылдан - Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының «Оңтүстік», «Қонбас» кеңшарларының бас агрономы. 1995-1999 жылдары - СҚО Целинный ауданы өсімдіктерді қорғау стансасының бастығы. 2001 жылдан - СҚО Целинный аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2004 жылдан - СҚО Тайынша ауданы «Котовское СК фирмасы» ЖШС директоры. 2006 жылдан - СҚО Аққайың ауданының әкімі. 2007 жылдан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі.
Қоғамдық қызметі 2-ші шақырылған Солтүстік Қазақстан облысы облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003). «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Марапаттары «Еңбектері үшін» орденімен (2010) «Әскери еңбегі үшін» медалімен (1982) марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001) ескерілген.
Отбасы
Анасы - Уахитова Срор, зейнеткер. Үйленген. Жұбайы - Уахитова Сәуле Есенқызы (1964 жылы туған). Қыздары - Уахитова Жұлдыз (1990 жылы туған), Уахитова Анара (1991 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:4 маусымда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Еңбекшілдер ауданында туғандар Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Аққайың ауданының әкімдері Санат:Уәлиханов ауданының әкімдері Санат:Еңбегі үшін медалінің иегерері Санат:Әскери қызметі үшін медалінің иегерлері