Жұман Хасенұлы Мұстафин (1934 жылы туған) - кен инженері, партия, кеңес қызметкері.
Өмірбаяны Қарағанды политехника институтын бітірген (1960). Қарсақбай мыс қорыту зауытында, Қарағандының №8 шахтасында істейді. 1967 жылдан партия, кеңес қызметінде. Қаражал қалалық атқару комитетінің төрағасы, Жезқазған облыстық тұрмыстық қызмет басқармасының бастығы, Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарады. Ардагерлер көзғалысының белсенді мүшесі. Облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары, 2001 жылдан төрағасы.
Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қарағанды және Қаражал қалаларының құрметті азаматы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қаражал қалалық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қарағанды қаласы Ленин аудандық атқару комитетінің төрағалары
Санат:Қарағандының құрметті азаматтары Санат:Қаражалдың құрметті азаматтары