Жанболат Ахатұлы Мырзалин 1974 жылы 23 шілдеде Ақтөбе облысы Темір ауданының Темір қаласында туған. Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген (1995), тарих және география мұғалімі. Саяси ғылымдардың кандидаты (2000). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның саяси институттарының жаңару үдерісіне дәстүрліліктің ықпалы». «Дәстүршілдіктен заманауилыққа. Қазақстанның саяси институттарының жаңаруы» (2002), «Қазақстанның саяси жүйесінің эволюциясы» (2001, тең авторлықта) кітаптарының авторы. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1995 жылдан - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының философия кафедрасының оқытушысы. 1997 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің зерттеуші-үйренушісі, аспиранты. 2000 жылдан - Қазақстан даму институты Әлеуметтік зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері, директоры. 2001 жылдан - «Стратегия» талдама орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары. 2002 жылдан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің кеңес берушісі. 2003 жылдан - Қазақстан Республикасы Прөзидентінің Әкімшілігі Кеңсесінің бас сарапшысы. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің ақпараттық- сарапшылық тобының бас сарапшысы. 2005 жылдың қаңтарынан - Астана қаласы әкімі аппаратының бақылау-инспекторлық және мамандармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдың ақпанынан - Алматы қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры. 2006 жылдан - Алматы қаласы әкімінің аппарат жетекшісі. 2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің аппарат жетекшісі. Үйленген. 3 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар