Шешенқара (1993 жылға дейін – Пролетарское)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Шешенқара ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Нұра өзенінің сол жақ жағалауында, Шешенқара тауының етегінде, аудан орталығы – Ботақара кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 25 км, облыс орталығы – Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 75 км жерде орналасқан.
Тарихы 1907 жылы қаланған. Таврия губерниясынан қоныс аударғандар үшін жаз жайлауы болған Шешенқара алқабы Николаевск ауылы деген атпен 1910 жылы жеке елді мекен ретінде бекітіледі. 1920 жылында большевиктер ұйымының ұсынысымен ауыл атауы Пролетарское болып өзгертілген. 1965 жылы «Кузнецкий», «Буденный» атындағы кеңшарларының жерінен құралған «Пролетарский» кеңшарының және Пролетарский ауылдық Кеңесінің орталығы болды. 1997 жылдан Шешенқара аталады. Жерінің жалпы ауданы - 105,7 мың га. Округтің елді мекеңдерінде (Шешенқара, Үштау ауылдары және Ащысу темір жол стансасы) 1 өндірістік кооператив, 5 кәсіпкерлік және 22 шаруа қожалығы бар. «Пролетарский» кеңшары негізінде «Пролетарский» өндірістік кооператив шаруашылығы кұрылды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі саласы егін шаруашылығы болды. Жалпы жерінің ауданы — 31,0 мың га, егістік жер ауданы — 5,4 мың га.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1672 983 810 82,4 495 418 84,4 488 392 80,3
Инфрақұрылымы Шешенқарада ОДА, орта мектеп, модельді ауыл кітапханасы, ауылдық мәдениет үйі, АТС, пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. Басқа елді мекендермен Қарағанды - Аягөз автомобиль жолдары арқылы байланысады, ауыл арқылы Қарағанды - Қарағайлы темір жолы өтеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері Санат:Нұра бойындағы елді мекендер