Қайролла Жұмакенов (1955, Бұқар жырау ауданы, Төрткөл ауылы - 2008) - белгілі флейташы. Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры.
Білімі Төрткөл ауылындағы орта мектепті бітірген.. 1963 – 1973 жылдары А. Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектепте оқиды. Одан кейін Алматы Мемлекттік Құрманғазы атындағы консерваториясын бітірген. П.И.Чайковский атындағы Мәскәу консерваториясының аспирантурасын бітірген.История поселка Умуткер
Еңбектері Республиканың жетекші шығармашылық ұжымдарында жұмыс істеп, Қазақстанда және Аустрия, Франция, АҚШ, Италия, Испания, Алмания, Ресей және т.б. елдерде жиі концерт қойған. Көптеген қазақстандық композиторлар оған өздерінің шығармаларын арнады. Сонымен бірге Қ. Жұмакенов – 30 жылдық тәжірибесі бар ұстаз: оның шәкірттері бүгінде көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, республика мен шетелде шығармашылық ұжымдарда жұмыс істейді.Сүйікті Ұстазымызға арнаймыз
Жетістіктері 1979 жылы Беларусьда өткен КСРО жас флейташылары конкурсының лауреаты. 1983 жылы Одессадағы конкурстың лауреаты. 1998 жылы АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында өткен Халықаралық конкурстарының лауреаты. 1991 жылдан КСРО Білім министрлігі жоғарғы аттестациялық комиссиясының доценті. 2003 жылдан ҚР ғылым және білім министрлігінің профессоры. Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры.
Оның орындауындағы шығармалар Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.
Марапаттары Халықаралық Мирн Браун атындағы қордың Құрметті сыйлығының иегеріҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 КСРО мәдениет Министрлігінің Құрмет грамотасы ҚР Президентінің Құрмет грамотасы (1994) «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Есте сақтау
Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде Қайролла Жұмакенов атындағы флейтистер ансамблі жұмыс істейді, негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Жібек СапарғалиеваЖІБЕК САПАРҒАЛИЕВА
Дереккөздер
Санат:Қазақстан флейташылары Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Мәскәу консерваториясы түлектері