Құрма — Қарағанды облысы Абай ауданындағы ауыл, Құрма ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Абай қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей жерде.
Тарихы Округ жерінде 1970 жылдары жұмыртқа құс өндіруі бойынша Майқұдық өнеркәсіп бірлестігінің Құрма күс фабрикасы құрылды. 2000 жылдан бастап ЖШС «Құрма агрофирмасы» болып қайта құрылды. Жалпы жерінің ауданы 1,5 мың га. Құс өсіруге мамандырылған (негізгі бағыты — жұмыртқа өндіру).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен944 1238 929 75 622 460 74 616 469 76,1
Инфрақұрылымы Елді мекенде мектеп, кітапхана, ОДА, пошта, байланыс бөлімі, 8 шағын бианес өкілдері бар. Құрма арқылы Екатеринбург-Алматы автомобиль трассасы өтеді. Жақын орналасқан темір жол стансасы Қарағанды қаласында.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) елді мекендері