Сағадат Жапабайұлы Дүйсебеков (1938 жылы туған), партия, кеңес қызметкері. Ақтоғайдың түлегі. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017

Қарағанды педагогикалық институтын (1961), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген (1972). Мектепте мұғалім, облыстық комсомол, партия комитеттерінде нұскаушы, аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Ұлытау аудандық партия комитетінің 1-хатшысы, халық депутаттары Жезқазған облыстық Кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін ажарды. 1992-1997 жылдары Ақтоғай ауданының әкімі болып істеді. Облыста және аудандағы басшы қызметте жүргенде езінің білімін, тәжірибесін, ұйымдастырушылық жұмыстарға байланысты пайдалана білді. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1938 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қарағанды облысы тұлғалары