Лидия Тәжидинқызы Кәденова (17 ақпан 1952 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1991).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Өмірбаяны 1952 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған. 1967 жылы Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесін бітірген. 1970-1974 жж Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Білімі Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970-1974 жж).
Еңбек жолы 1974 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік бөліміне қабылданады. Осы кезге дейін осы қара шаңырақта еңбек етеді. "Тамаша" әзіл-сықақ театрында да жұмыс жасады.
Фильмдері 1987 - «Зять из провинции» – Софа (реж. С.Нарымбетов) 1988 - «Балкон» (реж. Қ.Салықов), 1988 - «Восхождение на Фудзияму» (реж. Б.Шәмшиев), 2009 - «Город мечты» – Газиза 2013 - «Женский доктор-2» - Гульнар (реж. А.Гойда, И.Громозда)
Марапаттары ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері 2016 - "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі 2015 - Парасат ордені 2015 - "Еңбек ардагері" медалі 2005 - Құрмет ордені 1991 - Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі
Дереккөздер
Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан киноактрисалары