Николай Васильевич Торшин (14.05.1937, Қостанай облысы Урицк ауданы (қазіргі Алтынсарин ауданы) Қарғалы ауылында туған) - суретші. Орыс.

Еңбек жолы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің кескіндеме факультетін бітірген (1966), суретші, сызу және бейнелеу пәндерінің оқытушысы. 1966 жылдан бері - Қазақ көркемөнер қоры Қостанай көркемөнер-өндірістік шеберханасының (қазіргі ҚР Суретшілер одағы Қостанай облыстық ұйымының шығармашылық студиясы) суретші-кескіндемешісі. 1994 жылдан бері - ҚР Суретшілер одағы Қостанай облыстық ұйымының шығармашылық студиясының директоры.

Шығармашылығы Жеке көрмелері болған (1977, 1987, 1997). Барлық облыстық және республикалық көрмелерге (1966-2004), үш Бүкілодақтық көрмеге (Мәскеу: 1988,1989), Ресей көрмелеріне (Челябі, Троицк, 2002) қатысқан.

Қоғамдық жұмысы ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1990).

Марапаттары «Астана» медалімен марапатталған (1998). Қостанай меценаттар клубы сыйлығының лауреаты (2004). Астана қаласындағы Президент резиденциясына арналған көркем-өнер жұмыстары конкурсының жеңімпазы (1998).

Отбасы Әкесі - Торшин Василий Иванович, марқұм, ҰОС қатысқан. Анасы - Бугаевская Антонина Ивановна, марқұм, хат тасушы болып жұмыс істеген. Үйленген. Жұбайы - Дербуш Валентина Иосифовна, зейнеткер, педагог. Ұлдары - Сергей (1964 жылы туған), Игорь (1972 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Қостанай меценаттар клубы сыйлығының иегерлері