Гүлжан Мұхитқызы Жанәлиева (1944 жылы туған, Ресей, Түмен облысы, Ямаль ауданы, Новый порт кенті) – география ғылымдарының докторы (1993), профессор (1997).

Өмірбаяны Орал педагогикалық институтын (1965) бітірген. ҚазМУ-дың (1975, қазіргі ҚазҰУ) аспирантурасын бітірген. Мұғалім (1965–67) комсомол ұйымының хатшысы (1967–71). 1978 жылдан ҚазМУ-да доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады.

Ғылыми еңбектері «Ландшафтная дифференция и структура геосистем речных бассейнов внутреннего стока (на примере Балхаш-Илийского региона)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 60-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 4 монографияның авторы.

Дереккөздер

Санат:1944 жылы туғандар Санат:Түмен облысында туғандар Санат:Қазақстан географтары Санат:География ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары