Болат Рахымжанұлы Баймұхамбет (23 тамыз, 1948 жыл, Алматы облысы Сарқан ауданы, Қарауылтөбе ауылы) - Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының педагогика факультетін (1974), дене шынықтыру және спорт оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1974 жылдан - Талдықорған облыстық білім беру басқармасының бокс жаттықтырушысы. 1979 жылдан - Талдықорған облыстық спорт комитетінің БЖСМ аға жаттықтырушысы. 1983 жылдан - Алматы облыстық спорт комитетінің БЖСМ директоры. 2000 жылдан бері - Талдықорған қаласындағы ОРМСМ Бокс бөлімшесінің аға жаттықтырушысы.
Шәкірттері Берік Оқпаев- КСРО спорт шебері, бокстан КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері (1977); Рамиль Мұратов - КСРО спорт шебері, «Еңбек резерві» орталық кеңесінің (1993) чемпионы пен финалисі Қияз Тілеукенов- КСРО спорт шебері, «Еңбек резерві» орталық кеңесінің (1993) чемпионы пен финалисі; Андрей Сауткин - КСРО спорт шебері, Қазақстан чемпионатының (1982) финалисі Қали Мұратов - КСРО спорт шебері, Қазақстан чемпионатының (1982) финалисі
Марапаттары КСРО Дене шынықтыру және спорт саласының озаты (1991). ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1992). «ҚР дене тәрбиесі мен спортын дамытудағы еңбегі үшін» белгісі (2010).
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Есбаева Мағауйя Ахметқалиқызы, зейнеткер. Ұлдары - Баймұхамбет Алмас (1975 жылы туған), самбо күресі бойынша спорт шебері, заңгер; Айдын Болатұлы Баймұхамбет (1977 жылы туған), бокс бойынша спорт шеберіне кандидат, ҚР Шекара әскерлерінің майоры.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:23 тамызда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Сарқан ауданында туғандар Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақстан жаттықтырушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:КСРО Дене шынықтыру және спорт саласының үздіктері