Ермак Бидахметұлы Сәлімов (26 қараша 1957, Шердіаяқ ауылы, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Риддер қаласының (07.2009-11.2009), Зырян ауданының әкімі (2010-2015), Семей қаласының әкімі (2015-2021).

Өмірбаяны В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1981) тау-кен инженері-маркшейдер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Қ

Қызмет жолы 1975 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының студенті. 1981 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатының Березовск кенішінде шахтаның жер асты кен шебері. 1985 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс полиметалл комбинатында Ертіс кеніші бас инженерінің қауіпсіздік техникасы жөніндөгі орынбасары 1986 жылдан - №3 учаскенің жер асты кен шебері, учаске бастығы 1987 жылдан - Ертіс кенішінің партия бюросының хатшысы. 1989 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы «Ертіс полиметалл комбинаты» АҚ Ертіс кеніші №3 жер асты кен учаскесінің бастығы. 1994 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 1996 жылдың наурызынан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1996 жылдың қазанынан - «Ертіс полиметалл комбинаты» АҚ сенімгерлік басқарушысы. 1997 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан - «Ертіс мыс балқыту зауыты» ЖШС, «Ертіс кен байыту комбинаты» ЖШС сайыстық басқарушысы. 2000 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары м.а. 2001 жылдан - әкімнің орынбасары. 2008 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2009 жылдың шілдесінен - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі. 2009 жылдың қарашасынан - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың шілдесі - 2015 жыл - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі. 2015 жылдың маусымынан — Семей қаласының әкімі.

Қоғамдық қызметі «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

Марапаттары «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008) «Өнертабыс және рационализация саласының озаты» белгісімен марапатталған.

Шені Әскери атағы - запастағы лейтенант.

Отбасы Анасы - Сәлімова Сақужамал, зейнеткер, үй шаруасында. Үйленген. Жұбайы - Сәлімова Эмма Әнуарқызы (1958 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Сәлімов Рүстем Ермакұлы (1981 жылы туған), Сәлімов Рамир Ермакұлы (1986 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданында туғандар Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Риддер әкімдері Санат:Алтай ауданының әкімдері Санат:Семей әкімдері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Қазақстан лейтенанттары