Жүніс Әбуғалиұлы Әбуғалиев (1926 жылы туған), партия, кеңес қызметкері. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Әлтеке бұтағынан шыққан. Шет ауданы түлегі. Еңбек жолын Балқаш қалалық қаржы бөлімінде бастады (1942-43), 1943-1965 ж. Балқаш мыс зауытында жұмысшы, Балқаш кен-металлургия техникумында оқыды. Қоңырат кенішінде инженер, Балқаш темір жолы бастығы, Балқаш қалалық партия комитетінің хатшысы, Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, «Балқашқұрылыс» тресінің партком хатшысы, 1965 жыддан 1988 жылға дейін 23 жыл қатарынан Балқаш қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1988 жылдан құрметті демалыста. Әбуғалиев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі шақырылуына депутат болып сайланған. Ленин, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Балқаш қаласының құрметті азаматы (1993).“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Қарағанды облысы тұлғалары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Шет ауданы тұлғалары