Бауыржан Бақытұлы Тақауов - (Атырау облысы, Қарабау ауылында туған) - Отырып ойнау волейболы ойыншысы, Атырау облысы мүгедектер спорты Федерациясының төрағасы. Отырып ойнау волейболынан халықаралық санаттағы спорт шебері (1999).
Өмірбаяны X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт факультетінің бітірген, спорт жөніндегі оқытушы-жаттықтырушы. Жетістіктері Отырып ойнау волейболынан халықаралық санаттағы спорт шебері (1999). 2002 жылдан бері - «Мұнайшы» ФОК отырып ойнау волейболдан жаттықтырушы. Атырау облысы мүгедектер спорты Федерациясының төрағасы. Отырып ойнау волейболынан Қазақстан (1993-1998) чемпионы Азия (Бангкок қ., Таиланд, 1999) чемпионы. РФ халықаралық турнирлерінің жеңімпазы (Екатеринбург қаласы, 1998; Саратов қаласы, 1999; Омбы қаласы, 2000). Азия Ойындарының күміс жүлдегері (Пусан қаласы, Оңтүстік Корея, 2002). Диплом және сертификаттың, Азия Параолимпиада комитеті FESRIK медалінің иегері. ҚР Президентінің Алғыс хатымен өскерілген (2000). Отырып ойнайтын волейбол бойынша құрама команда Әлем чемпионатының Алтын медалімен марапатталған (Окленд қаласы, АҚШ, 2010). Отбасы Әкесі - Тақауов Бақыт, марқұм. Анасы - Тақауова Мәрия Есенбергенқызы, зейнеткер. Үйленген. Жұбайы - Тақауова Жаннат Қадыржанқызы, үй шаруасымен айналысады. Ұлдары - Бақыт Демеу (1992 жылы туған), Бақыт Жасұлан (1994 жылы туған), Бақыт Әбдісамат (2000 жылы туған); қызы - Бақыт Фатима (2005 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақстан жаттықтырушылары Санат:Отырып ойнау волейболынан Қазақстан чемпиондары Санат:Отырып ойнау волейболынан Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Отырып ойнау волейболынан Әлем чемпиондары Санат:Отырып ойнау волейболынан Азия чемпиондары