Ержан Болатұлы Дәуітов (22.01.1973 жыл, Шымкент облысы, Кентау қаласы) - хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақ.

Еңбек жолы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық-хор факультетін бітірген (1998), хормейстер, оқытушы.

1998 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясының «Хор дирижері» кафедрасының оқытушысы.

2000 жылдан бері - Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының бас хормейстері.

Марапаттары ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2005).

Отбасы Әкесі - Дәуітов Болат Молдиярұлы, шахтер. Анасы - Дәуітова Күмісай Аппасқызы, дәрігер.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:22 қаңтарда туғандар Санат:1973 жылы туғандар Санат:Кентауда туғандар Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер университеті оқытушылары Санат:Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры хормейстерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері