Жібек Есекеқызы Бағысова (8 қазан 1940 жылы, Көкшетау облысы Біржан сал ауданының Степняк қаласында туған) — қазақстандық және бұрынғы советодағының актрисасы. Қазақстанның халық әртісі. «Парасат ордені»нің иегері. Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жоғарғы санаттағы драма актрисасы. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында тұрып жатыр.

Жалпы мәліметтер Әкесі - Бағысұлы Есеке, Ұлы Отан соғысы кезінде хабарсыз кеткен. Анасы - Ғабдұлмәжитова Тұрсын-Қабай (1923-2000). Қазақ және орыс тілдерін біледі. Абай атындағы Алматы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жанындағы вокалдық-хор студиясын бітірген (1959), хор әртісі.

Еңбек жолы 1959 жылы Талдықорған қазақ драма Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрыында алғашқы еңбек жолын бастаған. 1960 – 1994 жылдары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрының артисі; 1994-1995 жылдары Қалибек Қуанышбаев атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының артисі; 1995 жылдан бастап Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жоғарғы санаттағы драма артисі.

Қоғамдық белсенділігі 1975 – 1987 жылдары Қызылорда қаласының қалалық кеңесінің депутаты; ҚазКСР Театр қайраткерлері одағының мүшесі (1963 жылдан); КСРО Театр қайраткерлері одағының мүшесі (1990 жылдан); Қазақстан Республикасы Театр Қайраткерлері одағының мүшесі.

Марапаттары 1967 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының «Құрмет» Грамотасы; 1970 жылы «В.И.Лениннің туғанына – 100жыл» мерекелік медалі; 1975 жылы «Еңбек ардагері» медальі; 1967 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (Қазақ КСР); 1980 жылы Қазақстанның халық әртісі (Қазақ КСР); 1980 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының «Құрмет» Грамотасы; 2001 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке алғыс хаты; 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің «Президенттік степендиясы»ның иегері. 2006 жылы Ақмола облысының әкімінің «Құрмет» Грамотасы; 2008 жылы ҚР мәдениет пен өнер саласындағы президенттік степендиясының иегері. 2010 жылы Көкшетау қаласының Құрметті азаматы атағы берілген. 2011 жылы «Парасат ордені»нің иегері атанды. 2011 жылы «ҚР тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальі; Бірнеше рет Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігінің, Ақмола облысының әкімінің, Ақмола облысының мәдениет басқармасының, Қазақстан Республикасының Театр қайраткерлер одағының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023

Жеке қасиеттері Діни көзқарасы - діндар. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жағыпаров Б. (1942 жылы туған), Облыстық халық шығармашылығы орталығы басшысының шаруашылық жөніндегі орынбасары. Ұлдары - Жағыпаров Айбол (1964 жылы туған), Жағыпаров Нұртуған (1966 жылы туған), Жағыпаров Нұрбол (1970 жылы туған), Жағыпаров Нұрлан (1976 жылы туған).Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Көкшетаудың құрметті азаматтары