Гүлвира Тұрсынқызы Разиева (19 шілде, 1936 жылы Алматы қаласында туған ) — әнші. Ұйғырлардан шыққан тұңғыш Қазақстанның халық әртісі. Алматы облысының Құрметті азаматы. «Парасат» Орденінің иегері.
Өмірбаяны Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал факультетін бітірген (1964), әнші. 1958 жылдан - Ұйғыр театрының солисі. 1964-1991 жылдары - ҚР эстрадалық-симфониялық оркестрінің солисі.
Шығармалары «Сәнъитим мениң- һаятим мениң» (2007) кітабының авторы. Қазақстан композиторларының танымал шығармалары енген «Мунайм» компакт-дискін (2002), «Уйгур кизи» аудиокассетасын (2002) шығарған.
Шырқаған әндері Ұйғыр театрының сахнасында «Анархан», «Герим-Санам», «Айсарының қитұрқысы», «Аршын Мал-Алан» және т.б. спектакльдеріндегі жетекші партияларды ойнаған. Қазақ радиосының алтын қорына оның орындауындағы 500 шығарма енгізілген. Марапаттары Ұйғыр халқынан шыққан алғашқы Қазақстан Республикасының халық әртісі (1981 жылы).Кожиров Б. "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010гҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 «Парасат» орденімен марапатталған (2006). Алматы облысының Құрметті азаматы. ҚР Президенті сыйлығының стипендиаты. 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальі; 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
Отбасы Әкесі - Разиев Тұрсын Ғазиұлы. Анасы - Әлиева Гүлвазир Жетпісбайқызы. Тұрмыс құрған. Жұбайы - Умаров Алмас Бидалжанұлы, зейнеткер, инженер-металлург болып жұмыс істеген. Ұлы - Умаров Руслан, қызы - Умарова Рената.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:19 шілдеде туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан ұйғырлары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Алматы облысының құрметті азаматтары