Нұғыман Әбішев (15.01.1906, Қарқаралы ауданы - 4.02.1988, Алматы), әнші. Қазақ КСР-інің халық артисі (1968).
Алғаш 1934 ж. Бүкілқазақстандық халық өнерпаздары слетінде жүлдегер атанған.
1935-1960 ж. Қазақ мемлекеттік филармониясында, 1960-1970 ж. «Қазақконцертте» әнші болды.
Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және басқа халық композиторларының әндерін насихаттауда елеулі еңбек етті.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Орындауындағы әндер қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:4 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО әншілері Санат:Қазақстан әншілері Санат:XX ғасыр әншілері Санат:Тенорлар Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қазақстан тенорлары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Қазақ мемлекеттік филармониясы әншілері Санат:Қазақконцерт әншілері