Механизм - әдетте машинанің жұмыс үрдісінің бір бөлігін орындау үшін қажет белгілі кинематикалық және күштік байланыстарды қамтамасыз ететін тораптар мен тетіктер қосылысы.

Барабанды тежегіш механизм - айналатын бөлігі барабан болып табылатын тежегіш механизм; тежеу көліктің құралдың айналып тұрған доңғалағымен немесе білігімен жалғасқан барабанға қалыпты немесе таспаны қысу арқылы іске асады. Дифференциалдың бұғаттаушы механизмі - дифференциалдың бұғаттауын қамтамасыз ететін жүргізуші басқаратын механикалық құрылғы, мысалы, жетекші белдік. Бұрамалы рөлдік механизм - біліктің иінінде орнатылған тіс рейкасы арқылы бұру секторына және бұрамалы айналғанда сомын ілгерімелі қозғалыс жасайды, жетекші түйін ол бұрамалы рөлдік механизмі. Қайыс белдікті тарту механизмі - жұмыс істемеген жағдайда автоматикалық түрде қайыс белдік қауіпсіздігін жинайтын құрылым. Газ бөліп тартқыш механизм - жанармай қосылысын қозғауыш цилиндріне өз уақытында енгізіп және цилиндрден жұмыстан шыққан газдың шығуын қамтамасыз ететін механизм. Делегей тежеуіш механизм - айналатын немесе айналмайтын бөлігі делегей басып табылатын тежегіш механизмі; тежеу көліктік құралдың айналып тұрған доңғалағымен немесе бөлігі немесе білігімен жалғасқан делегей бүйір жағына қалыптарды қысу арқылы іске асады. Жабық делегейлі тежеуіш механизмі - көліктік құралдың айналып тұрған доңғалағымен немесе білігімен жалғасқан тұлғаның ішкі бүйіржақ беттеріне ажыратылатын, айналмайтын делегейлерді қысу арқылы тежеу іске асатын делегейлі тежегіш механизм. Тісті механизм - біліктердің арасындағы берілістің қозғалысын бұрыштық жылдамдықтың өзгеруімен қамтамасыз ететін, тісті дөңгелекті механизм. Тісті рөл механизмі - жетекші буыны немесе тісті дөңгелегі бар рөл механизмі. Дөңгелекті тежегіш механизм - көліктік құралдың дөңгелегінде орналасқан тежегіш механизм. Қалыпты тежегіш механизм - қалыптағы айналмайтын механизм қалып болып келетін барабандады тежегіш механизм: тежегіш күш барабанның ішкі қабатына қалыпты қысу арқылы пайды болады. Кривошипті-шатундық механизм - қозғағыш цилиндріндегі поршеньнің бағытталған қозғалысын иінді біліктің айналмалы қозғалысына өзгертетін механизм. Таспалы тежегіш механизм - айналмайтын бөлігінің негізі таспа болып жасалынған барабанды тежегіш механизм; тежегіш күш барабанның сыртқы қабатына таспаның қысылуы арқылы пайды болады. Қосу механизмнің педалі - қозғағыштың және мотоцикл генераторының иінді білігін баспақты шұғыл басу арқылы айналдыруға қажетті қырылдақ тектес жетекші механизм. Берілісті ауыстырып салу механизмі - берілістің қосылуын немесе ағытылуын қамтамасыз ету мақсатында қораптағы тісті дөңгелек пен муфтаны қозғалтуға арналған құрылғы. Планетарлық механизм - сателлит деп аталатын құрамында өзара қатынастағы тісті немесе фрикциялы дөңгелектердің жазықтықта кез-келгенінің өсі арқылы айналуын қамтамасыз ететін механизм. Планетарлық бұрылу механизмі - шынжыр табанды трактордың шынжыр жетегінің екі бұтағының әрқайсысына орналастырылатын және шынжырдың жетекші жұлдызшаларының айналу жылдамдығының тәуелсіз өзгеруін қамтамасыз ететін планетарлы механизм. Өсті көтеру механизмі - автомобильдің жүксіз қозғалуы үшін белдігін көтеріп тұратын құрылғы. Реверсті механизм - шеткі буынды қарама-қарсы қозғалысқа ауыстыратын механизм. Рейкалы рөлдік механизм - жетекті механизмі тісті рейка болып табылатын тісті рөлдік механизмі. Рөлдік механизм - бұрылыстарда рөл дөңгелегінің жеңіл айналуын қамтамасыз етіп басқарылып отырған автомашина дөңгелектерін бұру механизмі. «Қырықаяқ-саусақ» рөлдік механизмі - мұрыншақ білігіне бекітілген, рөл білігіндегі цилиндрлі қырықаяқтан және соған енетін саусақ тіркесінен тұратын қырықаяқты рөл механизмі. «Қырықаяқ-ролик» рөл механизмі - рөл білігіндегі глобоидтық қырықаяқтан және мұрыншақ білігінде шұңқырда орналасқанекі- үшөркешті роликтен тұратын қырықаяқты рөл механизмі. «Қырықаяқ-сектор» рөл механизмі - рөл білігіндегі цилиндрлі қырықаяқтан және қырықаяқ дөңгелегінің секторынан тұратын қырықаяқты рөл механизмі. Тежегіш механизм - автокөліктің жылдамдығын тежеуші, немесе оны қозғалтпай орнында ұстап тұратын механизм. Өзін-өзі күшейтетін күшейткішті тежегіш механизм - тежеуіш барабанға қысу күшін ұлғайту үшін бір қалыптың екінші қалыпты тіреп, беріліс күшінің тек алғашқысына түсіретін қалыпты тежеуіш механизм. Үш нүктелі аспалы механизм - бұл механизмнің негізгі атқаратын қызметі аспалы жабдықты трактордың үш нүктесіне қозғалмайтындай етіп бекіту. Қырықаяқты рөл механизмі - негізгі буыны қырықаяқ болып табылатын рөлдік механизмі.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Транспорт