Асхат Берлешұлы Шахаров (3 қазан 1978 жыл, Ақбұлақ, Орынбор облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, дзюдо күресінен спорт шебері, 2023 жылғы 5 қыркүйектен бергі Ақтөбе облысының әкімі.
Өмірбаяны Асхат Шахаров 1978 жылғы 3 қазанда кеңестік Ресейдегі Орынбор облысының Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.
Әкесі — Шахаров Берлеш Шағанбайұлы (1955 жылы туған), жүргізуші. Анасы — Шахарова Люба Күлмағамбетқызы (1957 жылы туған), мейірбике.
Асхат Шахаров 1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы — спорт бойынша жаттықтырушы, 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын аяқтаған да, экономика ғылымдарының кандидаты болған.
2005 жылғы қарашадан бергі Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті.
2007 жылғы сәуірден Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры.
Саяси мансабы 2013 жылғы маусымнан бері БҚО Қаратөбе ауданының әкімі қызметін, 2017 жылғы шілдеден БҚО Зеленов ауданының әкімі, 2020 жылғы наурыздан Ақтөбе қаласының әкімі болды.
2022 жылғы қарашадан 2023 жылға дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
2023 жылғы 5 қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
Спортағы мансабы Самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, Қазақстан еңбек сіңірген спорт шебері.
Самбо мен дзюдо күресінен ҚР чемпионы (1998-2005); Азия біріншіліктері және чемпионаттарының 2 мәрте жеңімпазы, 3 мәрте жүлдегері; Самбодан әлем чемпионы (Ақтөбе, 1997; Красноярск, 1998); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Испания, 1999). Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Мюнхен, 2001). 2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан (Сидней, 2000); Самбо күресінен 3 мәрте әлем чемпионы (Киев, 2000; Кишинёв, 2004; Астана, 2005).
Марапаттары Шахаровтың марапаттары және атақтары: Дзюдо күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері (1997); Ақтөбе облысының Жыл адамы (2005); Құрмет ордені (2009); Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); Астанаға 10 жыл медалі (2008).
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша самбошылар Санат:Алфавит бойынша дзюдошылар Санат:Қазақстан самбошылары Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан дзюдошылары Санат:Ресей қазақтары Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Ресей мемлекеттік қызмет академиясы түлектері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Ақтөбе әкімдері Санат:Ақтөбе облысының әкімдері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері