Гүлбаһрам Имамбекқызы Тарабаева (1908, Ақтоғай ауданы - 1981), кәсіби аурулар саласындағы ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1949), профессор (1975). Арғын тайпасы Тобықты руынан шыққан.
Орта Азия (қазіргі Ташкент) мемлекеттік униветситеттін бітірген (1931).
1932-1966 жылында Қарағанды, Лениногорск, Алматы қалаларының емдеу мекемелерінде дәрігер, ҚазКСРҒА-ның Өлкелік патология ғылыми-зертеу институтында (1963 жылдан ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағында) еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторының меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, токсикология зертханасын басқарды.
1966-1981 жылдарында осы академияның Тау-кен институтында аға ғылыми қызметкері, ғылыми консультант болды.
Негізгі ғылыми еңбектері кәсіби ауруларға арналған. Тарабаева эндокриндік бездерде силикоз (қорғасыннан улану) кезінде туатын өзгерістерге сипаттама беріп, бұл аурудан сақтану шараларын, дермене препаратын қолдану тәсілдерін ұсынды.
1 авторлық куәлік қалған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1908 жылы туғандар Санат:Ақтоғай ауданында (Қарағанды облысы) туғандар Санат:1981 жылы қайтыс болғандар Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан гигиенологтары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен институтының профессорлары Санат:Ташкент мемлекеттік университеті түлектері