Жароков атындағы көше — Көше Төле би көшесінен басталып әл Фараби даңғылына дейін созылып жатыр. Көше Бостандық және Алмалы аудандарын қиып өтеді. Жароков көшесі көгалдандырылып, абаттандырылған. Бұрынғы атауы - 9-линия көшесі. Кешенін ұзындығы - 3900 метр.
Көше бойында «Құрылыс Академиясының» құрылыс-монтаждау басқармасы және канал басқармасы, т.б. әкімшілік мекемелер бар.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай|Жароков көшесі (Өтепов көшесінің тарапынан).
Атауы Алматы қаласындағы көше. Көшеге қазақтың ақыны Тайыр Жароковтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 14.04. 1966 №134 шешімі) берілген. Тайыр Жароков (1908-1965) Орал облысы Жәнібек ауданы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) Орда ауылында дүниеге келген. «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары, Жамбылдың әдеби хатшысы болды. Ақынның неғұрлым танымал туындылары қатарында «Мұнайстан», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Балабас» т.б. шығармаларын атауға болады. Ол орыс классиктерінің бірқатар туындыларын: «Цыгандарды», «Кавказ тұтқынын», «Ағайынды қарақшыларды», «Граф Нулинді», Руставелидің «Жолбарыс Терісін жайылған батыр» поэмасын қазақ тіліне аударған.thumb|200px|Тайыр Жароков бейнесі. Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері