Тереңсулық сұрғылт саз. Сұрғылт түсті, қат – қабатталмаған, әктілігі біршама төмен (СаС03=14%) сазды үйықтар. Әдетте Қара теңіздің тереңсулық қазанойпатының орта шенінен көрініс беретін, органикалық заттарды біршама мол кіріктіретін (1,5-2 %) саздар хақында қолданылады. Бұл мағынасында ескірген термин деуге болады, алайда соңғы кезде бүкіл сұрғылт түсті тереңсулық теңіз саздарының (үйықтарының) жиынтық атауы ретінде қолданылып жүр.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ