Клочков атындағы көше — Қарасай батыр көшесінен басталып, Абай даңғылында үзіліп, Сәтбаев көшесіне дейін жалғасады. нобай|Василий Клочков атындағы көше(Бұқар жырау көшесінен сәл жоғары, Ғабдуллин көшесіне қарай жасалған бейне). Атауы Көшеге 28 гвардияшы-панфиловшы жауынгердің бірі, Кеңестер Одағының Батыры - Василий Гөоргиевич Клочковтың есімі (Алматы қаласы атқару комитетінің 10.07.1979 №269 шешімі) берілген. Клочков Василий Георгиевич (1911-1941) Саратов облысында дүниеге келген. Оның «Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва» деген сөзі Мәскеуді қорғаушылардың ұранына айналды. Сол ұран Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалына ойып жазылды. alt=thunb|оңға|281x281 нүкте|Василий Клочковтың бейнесі. Көше Алатау, Алмалы, Бостандық аудандарында орналасқан. Төле би көшесінен басталып, Тимирязев көшесіне дейін созылып жатыр, «Атакент» көрме кешеніне барып тіреледі. Бұрынғы атауы - 7-ші көше. Көшенің ұзындығы - 2200 метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 Дереккөздер

Санат:Алматы көшелері