А. Жұбанов көшесі. А. Жұбанов көшесі А. Пушкин көшесінен басталып, Жәнібек тархан, А.Иманов, Кенесары көшелері мен Абай даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы - 1927,6 м.
Ахмет Жұбанов (1906-1968) - ғалым, композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, академик, профессор. 1929-32 жылдары Ленинград музыка техникумында скрипка, Ленинград консер- ваториясында гобой сыныбы бойынша дәріс алады. 1934 жылы домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрін ұйымдастырады. 1935-45 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі әрі дирижері болады. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Исатай - Махамбет» пьесаларының, «Амангелді» фильмінің музыкасын жазған. А. Жүбанов - қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаган аға буын композиторлардың бірі.
Бұл көшеде Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті орналасқан.Астана көшелері /Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы: 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері