Мұнай мен газға деген геологиялық барлау жұмыстары тиімділігінің критерийлері. Бұл критерийлерге жататындар: 1) өндірістік кенорнын аіпу тиімділігінің коэффиценті мөлшерінің біршама жоғары болуы; 2) іздеу бұрғылауы табыстылығының (тиімділігінің) коэффиценті мөлшерінің де жоғары болуы; 3) барлау бұрғысы 1 м-те тереңдегенде алынған Мұнай (газ) мөлшерінің қомақтылығы. Сөз болып отырған критерийлердің түпкі мақсаты - жаңа кенорындарды ашу және Мұнай мен газдың өндірістік қорларын дайындау. Бүкіл геологиялық барлау жұмыстары кешеніне шығарылатын қаржының 2/3 бөлігі іздеу және барлау бұрғылауларын жұзеге асыруға жұмсалады.Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Мұнай және газ