Пушкин атындағы көше (Алматы) Көшеге қазақ оқырмандарына етене таныс орыстың ұлы ақыны, қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін салушы Александр Сергеевич Пушкиннің есімі 1956 жылы берілген. Пушкин Александр Сергеевич (1799-1837) Мәскеуде дүниеге келген. Пушкиннің реалистік сипаттағы сюжеттері мен әуендері жан-жақты зерттеліп келеді, бүгінде орыс әдебиеті ғылымының тұтастай бір саласы - пушкинтану қалыптасты. Көшенің бойында Алматы қаласының бас мешіті, Қазақ-неміс университеті, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты, т.б. мекемелер орналасқан. Және А.С.Пушкиннің бюсті орнатылған Көше Медеу ауданында орналасқан. Қаланың солтүстік бөлігінен Жангелдин көшесінің оңтүстігіне ұласады. Райымбек даңғылынан басталып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағын қиып өтіп, Абай даңғылына дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұрынғы атауы: Бульвар көшесі. Көшенің ұзындығы - 3050метр.Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0 нобай
Дереккөздер
Санат:Алматы көшелері