Әділ Ермеков (5. 05. 1908 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Сарыой ауылы— 23. 12. 1976, Шымкент қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1950).
Алматы және Әулиеата қалаларындағы малдәрігерлік техникумды бітірген (1932).Ермеков Әділ // СЫР ЕЛІ. Энциклопедия. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 268-бет. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтын бітірген (1936). 1926–1928 жылдары Орал қаласындағы Бүкілодақтық коммунистік (большевиктер) партиясының уездік комитетінде хат тасушы, губерниялық халыққа білім беру бөлімі жанындағы курстарда тыңдаушы, уездік атқару комитетінде іс жүргізуші болды. 1932–1933 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түлкібас ауданының Високое ауылындағы бастауыш мектепте мұғалім, аудандық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарды.
1936—1938 ж. Түрікмен КСР-і, Мары қаласындағы педтехникумда оқытушы. Сонымен қатар осы оқу орнында оқу ісінің меңгерушісі болды. 1938-1952 ж. Шымкент педагогика институтында декан, директордың орынбасары, институт директоры.
1952-1954 ж. ҚазКСР Оқу министрлігінің жанындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының, 1954-1963 ж. Қызылорда педагогика институтының директоры. 1963 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін Шымкент педагогика институтында қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды. ҚазКСР ғылым академиясының академигі, профессор Н. Т. Сауранбаевтың жетекшілігімен "Қазақ тілі лексикасындағы біріккен сөздердің семантикасы" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 30-дан аса ғылыми мақалалардың авторы. КСРО-ның бірнеше медальдарымен марапатталған.
Энциклопедиялық дерек бойынша, бірнеше кітаптың авторы.
Шығармасы: Семантика слитных слов в казахской лексике. АКД., А., 1950; Әліппені оқытуға көмекші құрал. А., 1955 (авторлардың бірі); Қазақ тілі. Учебники казахского языка для V—VII классов русских школ. А., 1953 (авторлардың бірі); Қазақ мектептерінің 9–10-сыныптарына арналған орыс тілі оқулығы. 2-бөлім. Алматы, 1956 (авторлардың бірі); Учебник русского языка для 9-10 классов казахских школ. Ч. 2. А., 1956 (авторлардың бірі); Грамматикалық талдау. Орта және 7 жылдық мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал. А., 1958.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер