thumb|300px|Астана Қазығұрт көшесі Жидебай көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Жалын көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 234,8 м. Бұрынғы атауы Деповский көшесі.
Қазығұрт - Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырымға созылған. Ежелгі аңызда дүниені топан су басқанда, Нұх пайғамбар кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі осы Қазығұрт тауынан басталған. Қазығұрт тауының сыртқы сұлбасы шынында да қайырлап тұрған алып кемені елестетеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында бір аудан және оның орталығы Қазығұрт атымен аталады. Астана көшелері. Құрастырушы: Е. Тілешев, О. Сүлейменов. Алматы 2008. ISBN 9965-32-642-8
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Астана қаласының жоспар-кестесі анықтамалық онлайн картасы
Санат:Астана көшелері