Гүлсім Насырқызы Жаркешова (5.12.1914 жыл, Ақмола облысы, Есіл ауданы - 25.5.1969, Алматы) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1949).
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1945). 1947 жылдан бастап ҚазКСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.
"Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен сөздер" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Қазақ тілінің орфографиямен, лексикологиямен, лексиког. мәселелерімен айналысқан.
"Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін", "Абай тілі сөздігін" құрастыруға қатысты. Қазақ тіл білімінің мәселелері жайлы 20-дай мақалаларды жариялады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Дереккөздер
Санат:5 желтоқсанда туғандар Санат:1914 жылы туғандар Санат:Есіл ауданында (Ақмола облысы) туғандар Санат:25 мамырда қайтыс болғандар Санат:1969 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ тілін зерттеушілер Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері