Жете реттелген жиын - төменеде келтірілген шарттарын қанағаттандыратын, ≤ бинарлық қатнасы анықталған Р жиыны: Р жиынының кез келген екі элементі ≤ бинарлық қатнаста болады; егер х ≤ у және у ≤ х болса, онда х = у; егер х ≤ у және у ≤ z болса, онда х ≤ z; Р жиынының кез келген бос емес X ішжиыны үшін осы ішжиынының барлық х элементтері a ≤ х теңсіздігін қанағаттандыратын a элементі бар болады. Сонымен, жете реттелген жиын минималдық шартын қанағаттындыратын сызықты реттелген жиын. Жете реттелген жиын туралы ұғымды Г. Кантор еңгізген болатын (1883 жылы). Жете реттелген жиын қарапайым мысалы - табиғи реттелген натурал сандар жиыны.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Математика / 0-71 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл. - 192 б. ISBN 9965-08-339-8
Дереккөздер
Санат:Жиындар теориясы