Эпигенез (эпи… және грек. genesіs – тегі, пайда болу, туу) – минералдардың, тау жыныстарының, кентастардың өзгерістерін және түзілімдердің пайда болуын тудыратын қайталама процесс. Эпигенезге қайта кристалдану, коллоидты ерітінділердің түйірленіп іріленуі, конкрециялар мен оқшауланған кристалдық сеппелердің тұрақты модификацияларының пайда болуы жатады. Тау жыныстарын құраушы бөліктердің өзара хим. әсерлері – гидраттану мен дегидраттану, цементтену де Эпигенездік процесс болып есептеледі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Эпигенез · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.