Касаева Марфа Филипповна (1917 - 1989), құрылысшы, сылақшы. Социалистік Еңбек Ері (1964), ҚазКСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы. 1939 - 1970 жылдары Балқаш қаласының «Прибалхашстрой» тресіндегі №2 құрылыс басқармасында сылақшы болып еңбек етті. Жоғары сапалы жұмыс нәтижесінде сан рет социалистік жарыс жеңімпазы болды. Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Социалистік еңбек ерлері