Майра Шорақызы Сарыбаева (25. 10. 1957 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылым кандидаты (1991). Қазақ мемлекеттік әлем тілдер (ҚазМӘТ) университетінің ағылшын тілі факультетін бітірген (1971); 1979—1981 жылдары Жамбыл педагогика институтының ағылшын тілі фонетикасы кафедрасында оқытушы; 1981—1982 жылдары Алматы қаласы №12 қазақ орта мектебінде ағылшын тілінің мұғалімі; 1982—1985 жылдары ҚазМӘТ университетінің ағылшын тілі фонетикасы кафедрасын датәлімгер-зерттеуші, ағылшын тілі лексикологиясы кафедрасының аспиранты; 1989—1992 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде оқытушы; 1992—1993 жылдары ҚазМӘТ университетінде аударманың теориясы мен практикасы кафедрасында ағылшын тілінің оқытушысы; 1993— 1994 жылдары ҚазМӘТ университетінде халықаралық қатынастар факультеті деканының орынбасары; 1994—1996 жылдары осы факультеттің ағылшын тілінің сөйлеу практикасы кафедрасының меңгерушісі; 1995—1996 жылдары Кентуки университетінде (АҚШ) Қазақстан тарихы, мәдениеті және қазақ тілі пәндерінің оқытушысы; 1996 жылдан Филипс компаниясының Қазақстандағы екілеттілігі бас менеджерінің ассистенті қызметін атқарады; Проф. М. М. Копыленконың жетекшілігімен "Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің туыстық белгілерінің жүйесі" деген тақырыпта кандидат диссертациясын қорғады.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілі Санат:Тұлғалар