Әйтімбет Ильяс Абылайұлы (1945 жылы туған) - философия ғылымдарының кандидаты. Әлеуметтану проблемалары бойынша 60-тан астам еңбектер жазған. Шығарған мақалаларының көпшілігі қазіргі азаматтық қоғамның мақсаты мен функциялары, құқықтық мемлекеттің және үкіметтік емес ұйымдардың қарым-қатынастары, елдің тұрғылықты даму үрдістерін зерттеуге арналған.
Ғылыми жетістіктері: Кедейлікті азайту принциптерін көрсеткен; Нақтылы социологиялық зерттеудің жаңа тәсілдерін тапқан; Экономикалық социологияның мақсаты ретінде экономикалық мәдениеттің қалыптасу заңдылықтарын ашқан.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:1945 жылы туғандар