Еркін Сейдеғалиұлы Дүйсембаев (14.08.1958 жыл,Алматы облысы, Дмитриевка ауылы) - мемлекеттік қайраткер.

Дулат тайпасының Жаныс руынан. Білімі Алматы халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет жолы

ҚазКСР ГА математика және механика институтының инженері. Сәулет-құрылыс институтының комсомол комитеті хатшысының орынбасары. Жамбыл аудандық ақпараттық-есептеу орталығының инженері, басшысы. «Қазахинтерарт» АӨТБ бас директоры. Қазкредсоцбанк «Райымбек» филиалының директоры. ҚР Мемлекеттік инвестициялар комитетінің менеджері. «Дипломатиялық екілдіктер мен жұмыс департаменті» РМК бас директорінің бірінші орынбасары. ҚР СІМ ТМД департаменті бастып кеңесшісі. 1999 жылдан - «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» РМК бас директоры. 2000 жылдан - «Ұлттық сараптау және сертификация орталығы» АҚ президенті. 2009 жылдан бері - ҚР көлік және коммуникация вице-министрі.

Марапаттары «Құрмет» орденімен марапатталған (2008).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:14 тамызда туғандар Санат:Жаңа экономикалық университеті түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Математика, информатика және механика институты қызметкерлері